ТҰТАС ЕМЕС МӘТІНДІ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ (ОРЫС ТІЛІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.56525/xyvzwj22Кілт сөздер:
тұтас емес мәтін, мультимодальділік, әдістеме, инфографика, метафоризация, жобалау, цифрлық құралдар.Аңдатпа
Мақалада білім беру үдерісінде тұтас емес мәтіндерді пайдаланудың негізгі теориялық және қолданбалы аспектілері қарастырылады. Оқу мазмұның қабылдау мен есте сақтауды айтарлықтай жақсарту үшін вербалды, визуалды және аудиалды компоненттерді біріктіретін тұтас емес мәтіндердің ерекше құрылымына назар аударылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі оқушылар ұрпағының (Z, Альфа) ақпаратты мультимодальді түрде қабылдауға жоғары сезімталдық танытуымен түсіндіріледі. Білім беру контекстіндегі тұтас емес мәтіндердің артықшылықтары мен оларды әрі қарай жұмыс үшін іріктеу критерийлері сипатталады. Жұмыстың мақсаты – педагогтардың сыныптың өзекті әдістемелік оқу міндеттері мен қажеттіліктеріне барынша бейімделген мультимодальді өнімдерді жасау әдістемесін ғылыми негіздеу және сипаттау болып табылады. Зерттеу барысында нысаналы аудиторияны талдауды, бастапқы мәтінді тезистерге дейін қысқартуды, модальділіктерді жобалауды және мағыналарды көркемдік метафоризациялауды қамтитын алгоритм қолданылды. Жобаларды техникалық іске асыру үшін заманауи цифрлық құралдар, атап айтқанда Canva цифрлық онлайн-платформасы пайдаланылды. Жұмыстың нәтижесі 5-сыныптардағы сабақтарда сәтті сынақтан өткен инфографикалардың көрнекі мысалдары («Сөз – кәмпит», «Уақыт пен кеңістік») болды. Қазіргі білім беруді белсенді цифрлық трансформациялау жағдайында практик педагогтың әдістемелік икемділігін арттыру үшін тұтас емес мәтіндерді жобалаудың жоғары педагогикалық құндылығы туралы қорытынды жасалды.




