БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/2p6mck51Кілт сөздер:
басқару стилі, оқу мотивациясы, педагогикалық менеджмент, оқыту процесі, ішкі мотивацияАңдатпа
Бұл мақалада педагогикалық менеджменттегі басқару стилі мен білім алушылардың оқу мотивациясы арасындағы өзара байланыс мәселесі кешенді түрде қарастырылды. Зерттеу барысында басқару стилінің теориялық негіздері мен олардың білім беру процесінде қолдану ерекшеліктері талданып, мотивацияға ықпал ету механизмдері айқындалды.
Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде авторитарлық стильдің қысқа мерзімді қамтамасыз еткенімен, білім алушылардың ішкі қызығушылығын тежеп, сыртқы теріс мотивацияны қалыптастыратыны негізделді. Демократиялық стильдің білім алушыны оқу процесінің белсенді субъектісіне айналдырып, оның ішкі танымдық мотивациясын тұрақтандырудағы басымдығы дәлелденді.
Сонымен қатар, мақалада заманауи трансформациялық және коучингтік басқару элементтерінің білім алушының тұлғалық әлеуетін ашудағы маңызы сараланды. Зерттеу қорытындысында білім беру процесінде басқару стилін саналы түрде үйлестірудің білім алушылардың оқу белсенділігі мен кәсіби жетістігіне тигізетін трансформациялық әсері туралы тұжырымдар жасалды.
Ерекше назар заманауи басқару үлгілеріне аударылды: білім алушының ішкі құндылықтарын өзгертуге бағытталған трансформациялық стиль және танымдық әлеуетін сұрақтар қою арқылы ашатын коучингтік тәсілдің маңызы негізделді. Бұл стильдер білім алушыны пассивті тыңдаушыдан өз оқу траекториясын жасаушы белсенді субъектіге айналдыратыны дәлелденді. Зерттеу нәтижелері басқару стилін таңдау мен қолданудың білім алушылардың эмоционалдық жай-күйіне, өзіндік тиімділік сезіміне және оқу үдерісіне қатысу деңгейіне тікелей әсер ететінін көрсетті. Басқару процесінде қолдау көрсету, ынталандыру және серіктестік қарым-қатынас орнату білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, олардың академиялық нәтижелерінің жақсаруына оң ықпал етеді.




