ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Ережепова Римма Гизатуллаевна Есенов Университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Өтесова Гүлнар Екпінқызы Есенов Университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Табылдиева Орынгүл Дүйсенбаевна Есенов Университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/hnp2ye92

Кілт сөздер:

тарихи ойлау, цифрлық технология, тарих пәні, интерактивті оқыту, цифрлық білім беру, тарихи сана

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы оқу мазмұны мен әдістерін жаңартуға айтарлықтай ықпал етуде. Әсіресе тарих пәнін оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.

Мақалада тарих пәнін оқытуда цифрлық технологияларды пайдаланудың оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытудағы рөлі қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи ойлау тұжырымдамалары, цифрлық білім беру платформалары және интерактивті әдістердің тиімділігі талданды. Сонымен қатар эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, олардың нәтижелері сараланып, шетелдік ғалымдардың тарихи ойлау мен цифрлық білім беру жөніндегі ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, тарих сабағында цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық маңызы көрсетілді.

Мақалада цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылып, олардың білм алушылардың аналитикалық, сыни және интерпретациялық қабілеттеріне әсері талданады.

Зерттеудің мақсаты – цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау және олардың тарихи ойлау дағдыларын дамытудағы рөлін бағалау.

Зерттеу барысында аралас әдіснама қолданылып, эксперименттік және бақылау топтарының нәтижелері салыстырылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологияларды жүйелі түрде қолдану оқушылардың тарихи деректерді талдау, салыстыру және бағалау дағдыларын едәуір жақсартатынын көрсетті.

Зерттеу қорытындысы цифрлық білім беру құралдарын тиімді енгізу тарихты оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді.

 

 

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026