КҮЗ–КӨКТЕМ КЕЗЕҢІНДЕ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ H₂S БОЙЫНША ЛАСТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/14437739Кілт сөздер:
атмосфералық ауа, күкіртті сутек, экологиялық мониторинг, Атырау қаласы, ауа ластануы, ШРК, өндірістік шығарындыларАңдатпа
Мақалада 2025–2026 жылдардың күз–көктем кезеңіндегі Атырау қаласы атмосфералық ауасының күкіртті сутекпен (H₂S) ластану деңгейі қарастырылды. Зерттеу «Қазгидромет» автоматтандырылған мониторинг станцияларының деректері негізінде жүргізілді. Талдауға өнеркәсіптік аймақтарда орналасқан Перетаска АМӨЗ, Пропарка АМӨЗ және тұрғын аймақтардағы NCOC №103, №109, №111, №112, №113 бақылау станциялары енгізілді. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі H₂S концентрацияларының 95-процентилінің шекті рұқсат етілген концентрацияға қатынасы (P95/ШРК) арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша күкіртті сутек концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында тіркелгені анықталды. Әсіресе тұрғын аймақтардағы NCOC №103 және №112 станцияларында шектен асу коэффициенті сәйкесінше 6,6 және 6,7 мәндеріне жеткен. Зерттеу нәтижелері атмосфералық ауаның H₂S бойынша ластануының маусымдық сипатқа ие екенін және қыс–көктем кезеңінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен антропогендік әсердің күшеюімен байланысты артатынын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу барысында өндірістік нысандарға жақын орналасқан станцияларда ластану деңгейінің жоғары болатыны анықталды. Алынған нәтижелер аймақтағы экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру, атмосфералық ауа сапасын тұрақты бақылау және зиянды шығарындыларды төмендетуге бағытталған табиғатты қорғау шараларын күшейту қажеттілігін көрсетеді.




