ЭНЕРГОЖҮЙЕ РЕЖИМДЕРІН АКТИВТІ ҚУАТ БОЙЫНША ОҢТАЙЛАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/x6s6d749Кілт сөздер:
электр желісі, шығындар, активті қуат, талдау, есепке алуАңдатпа
Бұл мақалада электр энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін активті қуат бойынша оңтайландыру кезінде электр желілеріндегі энергия шығындарын есепке алу мәселелері зерттеледі. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі заманғы электр энергетикалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және электр энергиясын тасымалдау мен тарату барысында болатын шығындарды азайту қажеттілігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жұмыста энергожүйе режимінің оңтайлылығына балансирлеуші түйінді таңдаудың әсері қарастырылады.
Зерттеу барысында энергожүйе режимдерін оңтайландырудың теориялық негіздері талданып, электр желілеріндегі қуат шығындарын анықтаудың практикалық тәсілдері қарастырылды. Жұмыста есептік-эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, режимнің оңтайлылығының балансирлеуші түйінді таңдауға тәуелділігі зерттелді. Алынған нәтижелер салыстырмалы түрде талданып, олардың өзара байланысы анықталды. Зерттеу нәтижелері энергожүйе режимінің оңтайлылығы балансирлеуші түйінді таңдауға тікелей тәуелді емес екенін көрсетті. Балансирлеуші түйін өзгерген жағдайда байқалатын қосымша тиімділік негізінен сол түйіннің кернеу деңгейінің өзгеруімен байланысты екені анықталды. Алынған нәтижелер электр энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін оңтайландыру және электр желілерін тиімді басқару мәселелерін шешуде қолданылуы мүмкін.




