ТҰЗДЫ СУ НЕГІЗІНДЕГІ, КҮН ЭНЕРГИЯСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН, ЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НАССОССІЗ БУЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ САЛҚЫНДАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Б.А. Узаков Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Нүкіс, Өзбекстан Автор
  • Ш.М. Есемуратова Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Нүкіс, Өзбекстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/9jq16720

Кілт сөздер:

Арал теңізі аймағы, буландыру арқылы салқындату, күн энергиясы, сорапсыз салқындату құрылғысы, тұзды су, капиллярлы мата, энергия үнемдейтін технология, ыстық және құрғақ климат, экологиялық таза салқындату, автономды салқындату жүйесі

Аңдатпа

Бұл мақалада Арал теңізі аймағының ыстық және құрғақ климат жағдайында қолдануға арналған күн энергиясымен жұмыс істейтін насоссіз буландыру арқылы салқындату технологиясы қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – тұзды су негізінде жұмыс істейтін, энергияны аз тұтынатын және автономды түрде жұмыс істейтін салқындату құрылғысының жұмыс принципін және конструкциялық ерекшеліктерін талдау болып табылады. Ұсынылған құрылғы тұзды су резервуарынан, капиллярлық қасиеті бар матадан, ауа қозғалысын қамтамасыз ететін желдеткіштен және желдеткішті қоректендіретін шағын күн панельдерінен тұрады. Жүйеде су капиллярлық күштің әсерінен матаның бойымен жоғары көтеріліп, оның бетінде булану процесі жүреді. Булану кезінде қоршаған ортадан жылу сіңіріліп, нәтижесінде салқындату әсері пайда болады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұсынылған технология дәстүрлі кондиционерлік жүйелермен салыстырғанда электр энергиясын әлдеқайда аз тұтынады, фреон сияқты зиянды салқындатқыштарды пайдаланбайды және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болып табылады. Сонымен қатар құрылғыны электр инфрақұрылымы әлсіз немесе жоқ аймақтарда, әсіресе елді мекендерде, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында және уақытша құрылымдарда қолдануға мүмкіндік бар. Зерттеу барысында жүйенің артықшылықтарымен қатар оның климаттық жағдайларға тәуелділігі мен тұздың кристалдануы сияқты шектеулері де қарастырылған. Жалпы алғанда, күн энергиясына негізделген буландыру арқылы салқындату технологиясы Арал теңізі өңірі үшін энергия тиімді, экологиялық таза және тұрақты салқындату шешімі ретінде бағаланады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар