ЗАМАНАУИ ҰЙЫМДАРДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ СТИЛДЕРІ МЕН ТИІМДІ БАСҚАРУ

Авторлар

  • Тогайбаева А.К. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан Автор
  • Серғазина Н.Н. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/z35f7n51

Кілт сөздер:

көшбасшылық стилі, басқару психологиясы, ұйым тиімділігі, эмоционалдық интеллект, трансформациялық көшбасшылық, қызмет ету көшбасшылығы, ситуациялық тәсіл

Аңдатпа

Бұл мақалада заманауи ұйымдардағы көшбасшылық стильдерінің теориялық негіздері мен олардың ұйым тиімділігіне ықпалы кешенді түрде талданады. Зерттеуде классикалық және қазіргі заманғы көшбасшылық теорияларын салыстыру арқылы басқару стилдерінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен шектеулерін айқындау және олардың ұйымдық ортадағы рөлін анықтау қарастырылды.. Теориялық база ретінде Курт Левин, Ренсис Лайкерт, Роберт Блейк пен Джейн Моутон, Фред Фидлер, сондай-ақ Даниел Гоулман, Бернард Басс, Джеймс Макгрегор Бёрнс және Роберт Гринлиф еңбектерінде ұсынылған тұжырымдамалар қарастырылып,  теориялық-әдіснамалық талдау, салыстырмалы талдау, жүйелеу және ғылыми жинақтау тәсілдері қолданылды. Мақалада көшбасшылықтың әмбебап тиімді стилі болмайтынын, оның табыстылығы ұйым мәдениеті, құрылымы, стратегиялық мақсаттары мен сыртқы орта факторларына тәуелді екенін көрсетті. Классикалық модельдер басқарудың құрылымдық қырларын айқындаса, заманауи теориялар эмоционалдық интеллект, құндылыққа негізделген басқару және адами капиталдың маңызын алға шығарады.

Тиімді көшбасшылықтың негізгі белгілері ретінде икемділік, жағдайға бейімделгіштік, эмоционалдық интеллектінің жоғары деңгейі және қызметкерлермен серіктестік қарым-қатынас орната білу қабілетін анықтайды. Мақала нәтижелері басқару тәжірибесінде көшбасшылық стильдерін саналы таңдау мен интеграциялау қажеттігін негіздейді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар