БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНТОРИНГ: ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/z3ga1930Кілт сөздер:
білім беру, менторинг, тәлімгерлік, жас мұғалімдер, бейімдеу, коучинг, кәсіби даму, педагогикалық қолдауАңдатпа
Бұл мақала білім берудегі менторинг ұғымын теориялық, мәдени және практикалық тұрғыдан қарастырады. Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған менторинг ұғымының анықтамаларына жан-жақты салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың ұқсас және айырмашылықты концептуалдық сипаттамалары айқындалады. Менторингтің зерттеу тәжірибелерінің тарихи өміршеңдігін талдап, оны ғасырлар бойы сақтап тұрған әлеуметтік-мәдени және педагогикалық факторларды анықтайды. Сонымен қатар мақала қазіргі заманғы менторинг тенденцияларын қарастырады, оның ішінде цифрлық менторинг, коучинг–менторинг гибридтері, жас мұғалімдерді бейімдеудің (induction) модельдері және әлеуметтік-эмоциялық менторинг бастамалары бар.
Осы мақала менторинг ұғымының ғылыми негізін, тарихи өміршеңдігін, қазіргі даму үрдістерін, халықаралық және Қазақстандағы қолданылу тәжірибесін терең талдап, болашаққа арналған практикалық ұсыныстар береді. Білім берудегі менторинг мәселелері қазақстан ғалымдары жақын және алыс шет елдері ғалымдары аспеқтілерін қарастырған.
Халықаралық және Қазақстандағы білім беру жүйелерінде менторингті жүзеге асыру тәжірибесі егжей-тегжейлі қарастырылып, оның құрылымдық, ұйымдастырушылық және мәдени аспектілеріне назар аударылады. Мақалада менторинг әдістерін қолдану және менторинг тәжірибесін жақсарту бойынша ұсыныстар береді, оны ғаламдық стандарттар мен замануыи білім беру талаптарына сәйкестендіреді.




