СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

  • Г.Р. Кощанова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • І.Ә. Қуатбай Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/zb63na12

Кілт сөздер:

экономикалық модельдеу, матрицалық әдістер, оптималды жоспарлау, ресурстарды бөлу, өндіріс жоспары, технологиялық матрица, сызықтық теңсіздіктер, пайда функциясы, рұқсат етілген жоспарлар жиынтығы, сызықтық бағдарламалау, өндірістік ресурстар, математикалық экономика, трансформаторлар өндірісі, Крамер әдісі, экономикалық талдау

Аңдатпа

Бұл жұмыста экономикалық процестерді талдауда математикалық модельдердің рөлі мен оларды қолданудың маңызы жан-жақты қарастырылған. Қазіргі экономикалық теорияда математикалық тәсілдер микро және макродеңгейлердегі құбылыстарды формальды сипаттауға, айнымалылар арасындағы байланыстарды анықтауға және оларды сандық түрде бағалауға мүмкіндік береді. Математикалық модельдеу экономикалық болжамдардың дәлдігін арттырып, ресурстарды тиімді бөлуге жағдай жасайды.

Матрицаларды экономикада пайдалану, әсіресе оптималды жоспарлау міндеттерін шешуде, маңызды орын алады. Технологиялық матрица арқылы кәсіпорындағы әр өнім түрін өндіруге қажетті ресурстар шығынын сипаттауға болады. Өндіріс жоспары матрица-векторлық түрде көрсетіліп, AX ≤ B түріндегі теңсіздік ресурстар қорының шектеулі екенін бейнелейді. Сонымен қатар, пайда функциясын анықтау және рұқсат етілген жоспарлар жиынтығында оның максимумын табу — оптималды жоспарлаудың негізгі мақсаты болып саналады.

Мақалада өндірістік жоспардың рұқсат етілгендігін матрицалық-векторлық теңсіздік арқылы анықтау жолдары, пайда функциясын максимизациялау негізіндегі оптималды жоспарлау міндеті, сондай-ақ экономикада кездесетін қолданбалы есептердің сызықтық теңдеулер жүйесіне келтірілуі егжей-тегжейлі сипатталады. Кесу, материалдарды бөлу, цех қуаттарын тиімді пайдалану секілді практикалық жағдайлар талданып, оларды шешудің математикалық әдістері, оның ішінде Крамер тәсілі көрсетіледі.

Жұмыста практикалық мысалдар, соның ішінде трансформаторлар өндірісі және материалды әртүрлі тәсілдермен кесу есептері қарастырылады. Бұл есептерді шешу барысында сызықтық теңдеулер жүйелері, Крамер әдісі, сондай-ақ сызықтық теңсіздіктер жүйелері пайдаланылады. Өндірістік қуат, ресурстар қоры және өнім түрлері арасындағы шектеулер математикалық түрде көрсетіліп, олардың экономикалық мазмұны түсіндіріледі.

Жалпы алғанда, экономикалық есептерді математикалық модельдер арқылы шешу тиімді шешім қабылдауға, өндіріс ресурстарын ұтымды жоспарлауға және дәл болжамдар жасауға мүмкіндік беретіні көрсетілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар