ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/863tyb59Кілт сөздер:
болашақ мұғалімдер, цифрлық құзыреттілік, DigCompEdu, UDL, инклюзивті білім беру ортасыАңдатпа
Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытудың өзекті мәселелері қарастырылады. DigCompEdu (Мұғалімдерге Арналған Цифрлық Құзыреттілік Шеңбері) және UDL (Оқытуға Арналған Әмбебап Дизайн) үлгілеріне, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасында болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін өзара байланысты компоненттер жүйесі ретінде қарастыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Бұл зерттеудің өзектілігі екі жаһандық мәселенің тоғысында жатыр: инклюзивті білім беру және цифрлық құзыреттілік. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологиялар жеке техникалық бірлік ретінде зерттелетін фрагменттелген оқыту үлгісінен бас тарту қажеттілігін көрсетеді. Перспективалы тәсіл ретінде цифрлық құзыреттілік оқыту әдістерімен, практикамен, бағалаумен, рефлексиямен бірге дамитын кешенді формат қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - заманауи тәсілдерді талдау және отандық, халықаралық авторлардың еңбектеріне шолу жасау арқылы инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту бағыттарын анықтау. Онда "платформаны меңгеруден" цифрлық ортаны кәсіби тұрғыдан мағыналы пайдалануға көшуді қамтамасыз ету үшін болашақ пелагогтердің білімін жаңарту қажет деген қорытындыға келді.




