ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ КӨППОЛЮСТІ ӘЛЕМ ЖАҒДАЙЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/ssw85f71Кілт сөздер:
ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, халықаралық құқық, киберқылмыс, цифрлық трансформация, халықаралық ынтымақтастық, ақпаратты қорғау, адам құқықтарыАңдатпа
Мақалада цифрлық трансформация және көпполюсті ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық-құқықтық реттеудің қалыптасуының қазіргі үрдістері мен мәселелері қарастырылады. Ақпаратты қорғау, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және цифрлық ортада адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін әмбебап және өңірлік нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілген. Құқықтық реттеудің фрагментациясына, кибершабуылдарды саралауда бірыңғай тәсілдердің болмауына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық тетіктерінің жеткіліксіз тиімділігіне байланысты негізгі проблемалар айқындалған. Қазіргі технологиялық және геосаяси шынайылықтарды ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін кешенді түрде реттеуді қамтамасыз ететін әмбебап халықаралық құқықтық актіні әзірлеу қажеттілігі негізделген. Жаһандық ақпараттық кеңістікті қорғаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру және келісілген тәсілдерді әзірлеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.




