ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ САЛУ ЕСЕБІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/s1rbsg12Кілт сөздер:
геометриялық салу, салу есептері, үшбұрыштар, іштей сызылған шеңбер, desmos, интерактивті оқыту, мектеп геометриясыАңдатпа
Бұл мақалада мектеп геометриясындағы маңызды салу есептерінің бірі — үшбұрышқа іштей сызылған шеңберді салу мәселесі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — геометриялық салу есептерін шешу әдістерін талдау және оларды оқыту үдерісінде дәстүрлі геометриялық құралдар мен заманауи цифрлық платформаларды қолданудың тиімділігін көрсету. Мақалада үшбұрышқа іштей сызылған шеңберді салудың теориялық негіздері сипатталып, шеңбер центрін анықтауда бұрыш биссектрисаларының қасиеттері қарастырылады. Сонымен қатар, іштей сызылған шеңбердің радиусын анықтау тәсілдері мен салу алгоритмінің негізгі кезеңдері жүйелі түрде талданады. Зерттеу барысында есепті шешудің дәстүрлі әдістері мен цифрлық ортадағы жүзеге асырылуы салыстырмалы түрде қарастырылады. Мысал ретінде Desmos платформасында үшбұрышқа іштей сызылған шеңберді салу үлгісі ұсынылып, оның көрнекілік пен түсінуді арттырудағы мүмкіндіктері көрсетіледі. Цифрлық платформаларды қолдану геометриялық салуларды интерактивті түрде көрсетуге, оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға, уақытты үнемдеуге және есеп шығару барысында жіберілетін қателіктерді азайтуға ықпал ететіні негізделеді. Сонымен қатар, геометриялық салу есептерін оқытуда көрнекілік принципін күшейту, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері де қарастырылады. Жалпы, мақалада ұсынылған әдістемелік тәсілдер геометрияны оқыту сапасын арттыруға бағытталған.




