ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ  ƏДІСТЕРІ

Авторлар

  • ТАЙМУРАТОВА Л.У. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Шуркин Мерей Тулегенович Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

ойын технологиясы, қолданбалар, білім алушының қызығушылығы, ойын элементтері, білім алушы, мұғалім, білім беру, білім беру əдісі

Аңдатпа

Мақалада ойын технологиясының маңызы туралы баяндалады. Білім беру мен ойынның өзара əрекеттесуін жəне олардың физика пəнін үйренуде тиімді құралға айналатындығын талқылайды. Ұсынылған əдістер білім алушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесін тиімді етуге арналған.  Оқушыға біліммен қатар ойындар топтық 
жұмыс, көшбасшылық, бірлескен оқу немесе шешім қабылдау сияқты жеке жəне əлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесетіндігі туралы айтылады. Жəне де Ричард Бартл жасаған ойыншылардың классификацияларын ойын технологиясын пайдаланғанда да ұмытпаған жөн. Себебі бір сыныпта оқушылар саны əдетте аз болмайды. Аз болмағандықтан олардың барлығына да қызықты ойын болғаны маңызды. Мақалада ойындарға қысқаша шолу жасалады. Hot Potatoes ойын құрастыруға арналған сайт арқылы сабақта жасауға қажет бос орындарды толтыру жаттығуларын жасауға арналған JCloze, əрекеттерді сəйкестендіру, тапсырыс беруге арналған JMatch, көп таңдаулы немесе қысқа жауап беретін сұрақтарды жасау үшін Jquiz секілді құралдарды пайдалана аламыз. Бірақ бұл сайтта жеке тарауларды қарастырмайды. Жалпылама алынған оқушыларға векторина құрастыруға арналған.   Scratch сайты - бұл оқушыларға анимациялық бейнелерді құрастыруға бола алатын сайт болып табылады. Бұл сайттада нақты тарауларға тіпті пəндергеде негізделмеген. Əркімнің қиялына байланысты ойындар құрастыруға болады. Бірақ шектеулі ресурстарына байланысты ойындар қарапайым болып шығады. Мақалада физиканың салыстырмалылық теориясын үйретуге арналған компьютерлік ойын талданады. Ойын барысында оқушылар салыстырмалы қозғалыстарды жəне релятивистік физиканың негізгі принциптерін түсіне алады. Ойын негізінде Ньютон заңдары жəне инерциялық қозғалыс зерттеледі, бірақ оның атомдық физикаға қатысы жоқ. Мақалада физика мен химия пəндерін шет тілінде оқыту барысында ойындарды қолдану тиімділігі талқыланады. Ойындар оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыруға жəне танымдық, аффективті, психомоторлық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Білім беру ойындарының когнитивтік жəне əлеуметтік дағдыларды дамытуға қалай ықпал ететіні көрсетілген.  Жалпы алғанда, əр мақалада ұсынылған əдістер білім беруде ойындарды тиімді қолданудың көптеген артықшылықтарын көрсетеді. Олар оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың ғылыми ұғымдарды терең түсінуіне жəне есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар