КҮН ПАНЕЛЬДЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІ ЖҰМЫСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Жалгасбаев А. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/vfx01k45

Кілт сөздер:

Ылғалдылық, температура, жел, тиімділік, панельдер, фотовольтаикалық жүйелер

Аңдатпа

Бұл мақалада күн панельдерінің жұмыс тиімділігіне әсер ететін негізгі климаттық және қоршаған орта факторлары талданады. Атап айтқанда, желдің жылдамдығы мен бағыты, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, температуралық режим және жарық қарқындылығының күн жүйелерінің өнімділігіне ықпалы қарастырылды. Әрбір фактордың күн қондырғыларының энергетикалық шығысына әсер ету механизмі жеке зерттеледі. Ғылыми деректерге сәйкес, жел ағыны панельдердің бетін салқындатып, жылу алмасуды жақсартады, бұл олардың жұмыс тиімділігінің артуына әкелуі мүмкін. Дегенмен жел көтерілетін шаң-тозаңды панельдер бетіне жинап, ластануды күшейтіп, энергия өндіру көлемін төмендететін жағдайлар да кездеседі. Температура күн панельдері үшін шешуші параметрлердің бірі болып табылады: қоршаған ортаның тым жоғары температурасы панельдердегі кернеудің төмендеуіне және фотоэлектрлік элементтердің өнімділігінің кемуіне себеп болады. Ылғалдылықтың әсері де айтарлықтай маңызды. Артық ылғал панельдердің металл бөліктерінде коррозия процесін тездетуі мүмкін, ал ылғалдың қолайлы деңгейі панельдің қызып кетпеуіне және жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Жарықтандыру деңгейі, яғни панельдерге түсетін күн сәулесінің мөлшері олардың энергия шығару қабілетін тікелей анықтайды, сондықтан панельдердің орналасқан аймағы мен ауа райының ерекшеліктері нәтижеге бірден әсер етеді [1].Бұл зерттеу әртүрлі климаттық жағдайларда олардың тиімділігі мен беріктігін арттыру мақсатында күн жүйелерін жобалау мен пайдалануға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар