БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Абугалиева Г.С. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан Автор
  • Kинжибаева Ф.Б. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Aтырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/g237fa44

Кілт сөздер:

ұлттық құндылықтар, халықтық дәстүрлер, цифрлық білім беру ортасы, педагогтарды даярлау, кәсіби даму, Қазақстан

Аңдатпа

Мақала болашақ педагогтардың ұлттық құндылықтарын халықтық дәстүрлерді заманауи цифрлық білім беру ортасына интеграциялау арқылы қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілеріне арналған. Зерттеуде студенттердің моральдық-этикалық, азаматтық-патриоттық және мәдени бағдарын қалыптастыруға ықпал ететін мәдени мұра, тарихи дәстүрлер және этномәдени тәжірибенің тәрбиелік әлеуеті жан-жақты қарастырылған. Мәдени бірегейлікті сақтау, сыни ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерді жетілдіру және интерактивті оқу практикаларын ұйымдастыру мақсатында цифрлық технологиялар, интерактивті білім беру платформалары, мультимедиалық ресурстар мен білім беру қосымшаларын қолданудың тиімді жолдары ұсынылады.

Сонымен қатар, халықтық дәстүрлерге негізделген цифрлық білім беру платформалары мен инновациялық жобалардың болашақ педагогтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудағы, рухани-адамгершілік дамуын нығайтудағы, кәсіби құзыреттілігін арттырудағы жоғары тиімділігін растайтын педагогикалық эксперимент нәтижелері ұсынылады. Зерттеу барысында алынған деректер заманауи білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды тәрбиелік және білімдік мақсатта тиімді интеграциялауға арналған әдістемелік принциптер мен практикалық ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақалада ұсынылған тәсілдер болашақ педагогтардың мәдени санасын, кәсіби әрекетіне жауапкершілігін және білім беру инновацияларын тиімді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар