Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» романындағы Образдар ерекшелігі

Авторлар

  • Қобланов Ж. Т. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/n1mej297

Кілт сөздер:

серілік роман, реалистік әдіс, көркемдік тәсіл, испан әдебиеті, Дон Кихот

Аңдатпа

Мақала Испания қайта өрлеу әдебиетіндегі Мигель де Сервантес Сааведраның «Дон Кихот» романының маңызын пайымдауға арналған. «Дон Кихот» романының жазылуы испан мәдени өмірінде өте үлкен оқиға болды. Романның мазмұнында Сервантес серілік романдарды аяусыз сынға алуды негізгі мақсат етіп қойғандығын байқаймыз. «Дон Кихот» сырт көзге орта ғасырлық серілік романдарға пародия болып көрінгенімен, оның мазмұны тым тереңде жатыр. Шығарма бүкіл феодалдық қоғамды және сол қоғамның заң-тәртіптерін, әдет-ғұрыптарын  аяусыз әшкерелеген ащы да уытты сатира болатын. Поль Лафарг барлық роман жазушылардың ішінде Бальзак пен Сервантесті өте жоғары бағалады. Ал «Дон Кихот» романында болса, өліп бара жатқан серілік эпосты көрді. Орыстың төңкерісшіл демократ ғалымы В.Г. Белинский «Дон Кихот» романының даңқты авторына өте жоғары баға беріп, «ол серілік романның идеал түрде дамуына ойсырата соққы берді және оны реалистік бағытқа салды», деп көрсетті. Осы кезеңнен бастап Еуропада испан  қайта өрлеу әдебиетіндегі Мигель де Сервантес шығармашылығына қызығушылық туа бастайды. Сонымен бірге мақалада сол кезеңде испан қоғамында болып жатқан тарихи-саяси оқиғалардың әдебиеттің дамуына да зор ықпалы болғандығы пайымдалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026