эразм роттердамский - Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілі
DOI:
https://doi.org/10.56525/qdwy0b16Кілт сөздер:
ренессанс, классикалық филология, әлеуметтік сатира, гуманистік идеяларАңдатпа
Мақала Қайта өрлеу дәуіріндегі Нидерландия әдебиетінің көрнекті өкілі Эразм Роттердамский шығармаларының маңызын пайымдауға арналған. ХVІ ғасырдағы Нидерландия әдебиетіндегі сатира жанрының дамуы Эразмнің «Ақымақтыққа мақтау сөз» сатиралық шығармасы негізінде қарастырылады. Талантты жазушының қаламгерлік шеберлігі, реалистік және демократиялық бағытының айқындығы нақты мысалдар арқылы талданады. Шығармаларының идеялық бағытын, кейіпкерлерді суреттеудегі өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сол кезең әдебиетіндегі жазушының өзіне тән қасиеттерін жоққа шығаратын, шығармалардағы халықшылдық рухқа және реалистік дамуға кедергі болған, табиғат пен адамның қадір-қасиетіне дұшпан, шынайы өмірді мойындамайтын діни-аскеттік саясатқа қарсы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Мақалада сонымен қатар, Эразм Роттердамский шығармаларының өзінен кейінгі орта ғасырлық әдебиетке тигізген әсеріне де ғылыми тұрғыда баға беріледі. Мақалада автор жазушының шығармашылық мұрасын кейінгі еуропалық әдебиетке, әсіресе сатира жанрының дамуына тигізген әсерімен байланыстыра бағалайды. Эразм Роттердамскийдің гуманистік идеялары қазіргі әдебиеттану мен мәдениеттану саласында да өзектілігін сақтағаны атап көрсетіледі. Қайта өрлеу әдебиеті негізінде жазушының гуманистік идеяларының қазіргі әдебиеттану мен мәдениеттанудағы өзектілігін, шығармашылық мұрасының көпқырлы мәнін бағалауға талпыныс жасайды.




