ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ А.СОПЫБЕКОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Авторлар

  • Ш.С. Абишева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • А.С. Битикова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Б.Ә.Көшімова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • А.Кенбаева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

қазақ балалар әдебиеті, поэзия, фантастикалық поэма, тәрбие, ұлттық құндылықтар, көркемдік ізденістер

Аңдатпа

Мақалада балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақын Адырбек Сопыбековтің шығармашылық әлеміне шолу жасалып, қаламгердің ұлттық балалар поэзиясындағы қолтаңбасы айқындалады. Автор А.Сопыбековтің фантастикалық поэмаларына, өлеңдері мен балалар поэзиясының үздік үлгісі саналатын басқа да таңдаулы туындыларына талдау жасап, олардың тақырыптық, көркемдік-идеялық ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. Ұлт тәуелсіздігі тұсындағы балалар поэзиясы – көп зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі. Осы бағытта айтарлықтай еңбек еткен ақындардың шығармашылық лабораториясына үңіліп, сол арқылы қазіргі балалар поэзиясының бағытын, беталысын 
зерделеу, тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін, көркемдік қырлары жайында тұжырымдар жасау ұлттық әдебиеттану ғылымының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адырбек Сопыбековтің балаларға арналған туындылары туралы баспасөз беттерінде құнды пайым-пікірлер айтылғанымен, қаламгердің шығармашылық портреті қазақ әдебиеттану ғылымының аясында арнайы қарастырылған емес. Мақала авторы ақынның шығармашылығын кеңінен саралап, сол арқылы оның өзіне тән жазу машығына, көркем туындыларын балалар табиғатына лайықтап жеткізудегі қаламгерлік шеберлігіне, тәлім тәрбиелік мәніне баға береді. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар