АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚИҒАШ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ ЛОТОС ӨСІМДІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Тауова Н.Р. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/sjqegx88

Кілт сөздер:

Лотос өсімдігі, Қиғаш өзені, экологиялық туризм, фильтрация, SWOT-талдау, су сапасы, экологиялық талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада табиғатқа жауапкершілікпен қараудың жаңа жолдарын іздеуді, соның ішінде табиғатты қорғау мен сақтау мақсатында экологиялық туризмді дамытуды мүмкіндіктері зерттелген. Осындай күрделі экологиялық жағдайда сирек және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді сақтау мен оларды ғылыми тұрғыда зерттеу ерекше маңызға ие.

Атап айтқанда,  Атырау облысы Құрманғазы ауданы аумағындағы Қиғаш өзенінде өсетін лотос гүлі (Nelumbo nucifera). Бұл өсімдік ерекше сұлулығымен, экологиялық және ғылыми құндылығымен ерекшеленеді. Лотос ежелден рухани тазалық пен үйлесімділіктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар су экожүйесінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін маңызды биологиялық компонент ретінде белгілі. Оның фильтрациялық қасиеті, су сапасын жақсарту қабілеті және қоршаған ортаға бейімділігі оны табиғи экожүйелер үшін аса құнды етеді. Бүгінгі таңда климаттық өзгерістер, су ресурстарының сарқылуы, антропогендік қысым мен ластану салдарынан Қиғаш өзені бойындағы лотос қауымдастығына кері әсерлер байқалуда. Осыған байланысты бұл өсімдікті тек әсемдік немесе символдық нысан ретінде емес, экожүйелік тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі мен экологиялық туризмді дамытудағы әлеуеті тұрғысынан зерттеу қажеттілігі артып отыр. Сонымен қатар, Қиғаш өзеніндегі лотос өсімдігінің экологиялық және туристік маңызын саралап, оның негізінде аймақта экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктерін айқындау және нақты ұсыныстар беру  қарастырылған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

09.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар