МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЕРТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Ф.Б. Кинжибаева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор
  • А.У. Муханбетжанова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор
  • А.М. Утешкалиева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор
  • Ш.С. Бисалиева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор
  • Э.Ж. Испанова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор
  • А.М.Мусина Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Атырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/7fyv8d92

Кілт сөздер:

кәсіби бағдар, кәсіби тестілеу, кәсіби кеңес беру, түлектің жеке даму жоспары

Аңдатпа

Бұл зерттеу оқушылардың кәсіби бағдарлануын, олардың кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін және кәсіби білім беру саласындағы табыстылықты қалыптастыруды зерттеуге арналған. Мақалада еңбек нарығының өзгермелі жағдайында және кәсіптердің динамикасына байланысты мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының заманауи тәсілдері қарастырылған. Алдын ала кәсіби диагностикалау түлектің тұлғалық ерекшеліктерін, құндылық бағдарларын, қызығушылықтары мен қабілеттерін, мамандық таңдаудағы уәждемесін анықтауға мүмкіндік береді. Ерте кәсіби бағдар жұмысы жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарларын құруда және кәсіби білім негіздерін меңгеруде өзін-өзі анықтау үдерісіне ықпал етеді.

Мақалада оқушылардың жеке кәсіби траекториясын таңдауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешені ұсынылады. Оларға кәсіби бағдарлау тестілеуі, тест нәтижелері бойынша кеңес беру, жеке даму жоспарын әзірлеу, жұмсақ дағдыларды дамытуға арналған тренингтер, шеберлік сабақтары және өндіріс орындарына экскурсиялар кіреді. Сонымен қатар, жоба қатысушыларымен тереңдетілген сұхбаттар өткізіліп, олардың қызығушылықтары мен күшті жақтарын, кәсіби даму және өзін-өзі іске асыру жолдарын анықтау мақсат етілді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

09.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар