КУШУМ ӨЗЕНІНІҢ СУЫН ТАЗАРТУ ҮШІН ВЕРМИКУЛИТТІ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/er3rp508Кілт сөздер:
вермикулит, ағынды суларды тазарту, өзен суы, адсорбция, химиялық өңдеуАңдатпа
Орал қаласының экологиялық жағдайы соңғы жылдары үлкен назар аударуды талап етіп отыр. Қаланың табиғи су көздері, оның ішінде Кушум өзені, экологиялық мәселелерге, әсіресе су ресурстарының ластануына ұшырауда. Өзен суының сапасы тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың, ауыл шаруашылығының әсерінен төмендеуде. Бұл өзеннің суын ішімділік, шаруашылық, ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануды қиындатуда. Сонымен қатар, су көздерінің ластануы экосистемаларға, адам денсаулығына және ауыл шаруашылығының өнімділігіне теріс әсерін тигізуде. Кушум өзенінің суын тазарту мәселесі Орал қаласы үшін ерекше маңызды. Өзеннің экологиялық ахуалының жақсаруы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, табиғи ресурстарды қорғауға және қала экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді. Осыған орай, су сапасын жақсарту үшін экологиялық таза және тиімді технологияларды іздеу өзекті болып отыр.
Бұл тұрғыда табиғи минералдардың бірі, яғни вермикулит, су тазарту процесінде перспективті материал ретінде қарастырылуда. Вермикулит табиғи минерал, ол судан ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттарды сіңіру қабілетіне ие. Вермикулиттің су тазарту процесінде тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі оны су сапасын жақсартудың тиімді әдісі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл минералдың тиімділігі оны өзен суын тазартудың экологиялық таза, арзан және табиғатқа зиянсыз әдісі ретінде қолдануға болады. Орал қаласының Кушум өзені суын тазарту үшін вермикулиттің қолданылуын зерттеу экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерді ұсынуға, сондай-ақ жергілікті экосистемаларды қалпына келтіру мен су сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ.




