ЖЕРГІЛІКТІ ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ НЕГІЗІНДЕ БИООТЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/45htz649Кілт сөздер:
биоотын, өсімдік тектес шикізат, күнбағыс майы, биосорбция, жасыл сорбенттерАңдатпа
Қазіргі таңда, әлемде дәстүрлі отын-энергетикалық ресурстарының сарқылуымен және қоршаған ортаның ластануымен байланысты қиындықтармен күресу де. Осыған орай баламалы отын алуда перспективалы бағыттардың бірі өсімдік материалдары сияқты жаңартылатын көздерден алынатын биоотынды дамыту және пайдалану болып табылады. Биоотын қазба отындарына тәуелділікті азайтуға ғана емес, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Биоотын өндіру үшін өсімдік шикізатын пайдалану, ауылшаруашылық өнімдері мен қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл оларды қайта өңдеу мәселесін шешеді және қоршаған ортаның ластануын азайтады. Бұл әсіресе органикалық қалдықтар пайдаланылмаған, ауыл шаруашылығы дамыған аймақтар үшін өте маңызды. Сонымен қатар, азық-түлік өндіруге жарамсыз жерлерде мамандандырылған энергетикалық дақылдарды өсіру ресурстарды ұтымды пайдалануға және егістік жерлер үшін бәсекелестікті азайтуға болады.
Биоотын өндірісі мұнай мен газ импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік бере отырып, аймақтардың энергетикалық, адамзаттың отынға тәуелсіздігіне әкеледі. Бұл қазба отын қоры шектеулі елдер үшін ерекше маңызға ие. Елімізде отын тапшылығы қазіргі таңда болмағанына орай, биоотынды дәстүрлі отынға қосымша ретінде де қолдануға болады, бұл оны қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымға біріктіруді жеңілдетеді. Сонымен қатар, биоэнергетиканың дамуы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және энергетика салаларында жұмыс орындарын құру арқылы экономикалық өсуді ынталандырады. Бұл өңірлердің экономикалық тұрақтылығын арттыруға және олардың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Өсімдік шикізатынан биоотын өндіру экологиялық, энергетикалық және экономикалық міндеттерді бір уақытта шешуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт болып табылады. Бұл технологияларды енгізу болашақ үшін сенімді энергия көзін қамтамасыз ете отырып, тұрақты энергетикалық жүйені қалыптастыруға өз үлесін қосады.




