ХІХ ҒАСЫР СОҢЫ - ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ МЕШІТ-МЕДРЕСЕЛЕР (МҰРАҒАТ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.56525/3czp6h02Кілт сөздер:
Медресе, халықтық білім, мұсылмандық бағыт, діни білім, мұрағат деректеріАңдатпа
Маңғыстау түбегіндегі ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы халықтық білім берудегі кең тараған үрдістің бірі-діни мекемелерден білім алу болды. Мешіт-медреселер сол кезеңдегі діни, рухани білім берудегі рухани ошақ орындары болып қала берді. Мұрағат деректері көрсеткендей, Батыс Қазақстан аймағында ислам дінінің күшеюімен мешіттер саны көбейген. Маңғыстау түбегі жергілікті халықты сауаттандыруға бағытталған мешіт-медреселерімен танылған аймақ болды. Уфа, Орта Азия жерлерінен білім алған діни сауатты тұлғалар тек қана діни білім беріп қана қоймай, гуманитарлық, жаратылыстану, араб-парсы ғылымдарымен де халықты сауаттандырған.
Маңғыстау түбегіндегі мешіт-медреселердің жұмыс жасауы Қазан төңкерісіне дейін және Кеңес өкіметі жылдарына сәйкес келеді. Аталған кезеңдердегі мешіт-медреселер саны мен білім алушылар саны Закаспий облысындағы болыс-ауылдар бойынша анықталған. Сондай-ақ, патша өкіметі билігі кезіндегі жазылған құжаттар мешіт-медреселердегі білім алушылардың жай-күйі, саны, құрамы туралы мәліметтерді толықтыра түседі.
Маңғыстау өлкесіндегі ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы халықтың қолданысында болған мешіт – медреселерге, олардың рөлі мен маңызына тоқталсақ, ХХ ғасыр басындағы мешіт-медреселердің өлкенің мұрағат қорларындағы статистикалық мәліметтеріне талдау жасалынып, олардың жай-күйі құжаттар арқылы сипатталады.




