ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ КӨМІРТЕКТІ БЕЙТАРАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН БАСҚАРУ

Авторлар

  • Хуаныш Л. Esil University, Астана, Қазақстан Автор
  • Турекулова Д.М. Esil University, Астана, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/5ktjda03

Кілт сөздер:

көміртекті бейтараптықтықты басқару, орнықты даму, декарбонизация, энергетикалық тиімділік, төменкөміртекті технологиялар, инновациялар, мемлекеттік қолдау

Аңдатпа

Мақалада жаһандық өзгерістер және орнықты даму жолындағы трансформация жағдайындағы Қазақстан ірі өнеркәсіптік компаниялардың стратегисына көміртекті бейтараптықты интеграциялау қажеттілігімен бетпе -бет келіп отырғаны қарастырылады. Бұл стратегияларды әзірлеу мен іске асыру технологиялық инновациялар, тиімді басқару тетіктері және ынталандырушы мемлекеттік саясатты үйлестіретін кешенді тәсілді талап етеді. Зерттеу барысында Қазақстанның ірі өнеркәсіптік секторларында декарбонизация шараларын енгізудің халықаралық тәжірибесіне талдау жасалып, капиталға шектеулі қолжетімділік, экологиялық жауапты шешімдердің артықшылықтарынан хабардар болмау және инновацияларды ынталандыруға арналған нақты механизмдердің болмауы сияқты негізгі кедергілер анықталды. Сонымен қатар, көміртекті бейтараптық стратегияларын жүзеге асыруда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларының (салықтық жеңілдіктер, зерттеу бағдарламаларына арналған гранттар, нормативтік -құқықтық базаны жетілдіру) маңыздылығы айқындалды. Зерттеудің негізгі нәтижелері: төменкөміртекті технологияларды енгізу энергетикалық тиімділікті арттырып, өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін және ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететінін көрсетті. Цифрлық мониторинг платформалары нақты уақыт режімінде шығындарды бақылап, өндірістегі ауытқуларға жедел әрекет етуге жағдай жасайтыны  айқындалды. Жаһандық жеткізу тізбектеріндегі Қазақстанның орнын нығайту үшін озық технологиялар мен «жасыл» жобаларға инвестиция тартуда халықаралық әріптестікті арттырудың ерекше рөлі расталды. Зерттеу барысында регрессиялық талдау, SWOT-талдау, салыстырмалы әдіс және контент-талдау қолданылды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

05.12.2025