ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ СӨЗЖАСАМДЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІҢ ЛЕКСИКА – ГРММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Алдашев Н.М. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/kspsg020

Кілт сөздер:

сөзжасамдық модель, аффикс, лексика - грамматикалық сипат, етістік негіздері, типологиялық қызметі

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілінде етістік негізді сөзжасамдық модельдер арқылы  сөзжасамның мәнін, табиғатына үңілу арқылы қазақ тіліндегі тарихи сабақтастықты анықтау туралы сөз болады. Етістік негізді сөзжасамдық модельдердің ролі мен орны, құрылымы, семантикалық құрылымы мен тарихи - этимологиялық аспектілері мәселелері жан-жақты қарастырылады. Сөзжасамдық модельдердің  теориясы туралы зерттелімдер әлемдік деңгейде лингвистикалық жаңа бағыт - бағдар мәселелері көтеріліп, заман талабына сай шешімін тауып, коммуникативті-прагматикалық маңызы жоғары бағалануда. Етістік негізді сөзжасамдық модельдер   –  шынайы тілдік болмыстың айнасы. Сөзжасамдық модельдері  жаңа ғасырда теориялық - танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі заман талабына сай туындауда. Тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді.Мақалада  етістік негізді сөзжасамдық модельдердің  заттың нақты қасиеті номинативтік таңба арқылы белгіленеді де, оның түрлі қызметі, нақты ерекшеліктері соған негіз болады, яғни тіл – ойды жеткізудің тәсілі, шындық болмысты таңбалаудың құралы ретінде маңыздылығы жан-жақты талданады. Етістік негізді сөзжасамдық модельдердің  дамуы қоғамның дамуымен бірге жүреді. Осымен байланысты тілдік жүйедегі болып жатқан сөзжасамдағы күрделі жасалымдардың мағынасы мен қызметін жан-жақты терең зерттеу – бүгінгі күннің талабынан, сұранысынан туындап отырғанын және  білім беру сапасын арттырудың маңызды тетіктері ретінде көрсетіледі.

Жалпы, сөздің ішкі құрылымының типологиялық қызметі деген ұғымды былайша түсіндіруге болады: бір тілдің басқа тілдермен ортақ белгілері және ерекшеліктері, ұлттық ерекшеліктері уәждемелік аспектіде сол тілдің сөздік құрамын әртүрлі межелер бойынша басқа тілдермен салыстыру арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04.12.2025