МАҢҒЫСТАУ КЕН ОРНЫ ЖАҒДАЙЫНДА КОРРОЗИЯ ТЕЖЕГІШТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Тілегенова С. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Акккенжеева А.Ш. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Аяпбергенов Е.О. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Туркменбаева М.Б. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/kjaqpj65

Кілт сөздер:

коррозия тежегіші, кен орын, кәсіпшілік су, коррозиядан қорғау дәрежесі, гравиметриялық әдіс, үйлесімділік, деэмульгатор

Аңдатпа

Мақалада Маңғыстау кен орны жағдайында коррозия тежегіштерінің тиімділігін кешенді зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты – коррозия тежегіштерінің физика-химиялық қасиеттерін, кәсіпшілік сулармен үйлесімділігін және металл бетін коррозиядан қорғау қабілетін бағалау. Зерттеулер ҚР СТ 2586-2014 және МЕМСТ 9.506-87 талаптарына сәйкес жүргізілді. Зерттеу барысында коррозия тежегіштерінің физикаөхимиялық қасиеттері анықталды. Реагенттердің кен орнының альбсеноман, қабатты (ағындыҚ және теңіз суларымен 10–90 г/л концентрациялар аралығындағы үйлесімділігі бағаланды. Коррозиядан қорғау тиімділігі гравиметриялық әдіспен бастапқы және қатаңдатылған жағдайларда зерттелді. Сонымен қатар коррозия тежегіштерінің базалық деэмульгатормен технологиялық үйлесімділігі және мұнайды деэмульсациялау үдерісіне әсері анықталды. Қатаңдатылған жағдайларда, яғни 40 ºC температурада, 0,4 МПа қысымда және қышқылды (агрессивті) газдардың қатысында №4 және №5 тежегіштері 40 мг/л концентрацияда 92 % металл бетін қорғау дәрежесіне қол жеткізді. №4 үлгісі 30 мг/л концентрацияда да 90 % тиімділік көрсетті. Коррозия тежегіштерін базалық деэмульгатормен бірге қолдану мұнайды сусыздандыру тиімділігіне теріс әсер етпеді. Алынған нәтижелер №4 және №5 реагенттерін Маңғыстау кен орны жағдайларында одан әрі тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар үшін болашақ коррозия тежегіштері ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар