ҰҢҒЫМАІШІЛІК ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОСПАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Жумагалиева Н. М. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ, Орал, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/34kstg05

Кілт сөздер:

механикалық қоспалар, сораптық жабдық, сорап, тығын түзілуі, геологиялық-техникалық шаралар, ұңғымаларды пайдалану, жөндеу, дебит, асқынулар

Аңдатпа

Мақалада мұнай ұңғымаларын пайдалану кезінде ұңғыма өнімінің құрамындағы механикалық қоспалардың ұңғымаішілік жабдықтардың, соның ішінде электрлі орталықтан тепкіш сорап қондырғыларының жұмысына әсері қарастырылған. Механикалық қоспалардың пайда болу көздері және олардың концентрациясына әсер ететін негізгі геологиялық, технологиялық және пайдалану факторлары талданған. Механикалық қоспалардың абразивтік әсерін бағалауда бөлшектердің мөлшері, гранулометриялық және минералдық құрамы, қаттылығы, сферикалығы мен қырларының өткірлігі ескерілетіні көрсетілген. Құмкөл кен орны жағдайында механикалық қоспалардың жоғары концентрациясы ұңғыішілік сораптардың тозуына, дірілдеуіне, жұмыс элементтерінің зақымдануына және істен шығу қаупінің артуына әсер ететіні анықталған. Ұңғымаішілік жабдықтарды қорғаудың химиялық, техникалық, технологиялық және профилактикалық әдістерінің жіктемесі ұсынылған. Забойды жуу, қатты бөлшектер концентрациясын бақылау, сүзгілерді қолдану, тозуға төзімді жабдықтарды пайдалану және ұңғыманы жұмсақ іске қосу сияқты шаралардың тиімділігі қарастырылған. Ұсынылған тәсілдер жабдықтардың сенімділігін арттыруға, жөндеу аралық кезеңді ұзартуға және пайдалану шығындарын төмендетуге бағытталған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

02.11.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар