ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРДІ МОНИТОРИНГТЕУДЕ ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/sp47yz35Кілт сөздер:
қашықтықтан зондтау, ГАЖ, Landsat 8, жайылымдық жер мониторингі, жер жамылғысын картографиялау, өсімдіктерді бағалау, кеңістіктік талдауАңдатпа
Бұл зерттеуде жайылымдық жерлердің жағдайын, өнімділігін және кеңістіктік динамикасын бағалауда қашықтықтан зондтау және географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын қолдану мәселелері қарастырылады. Қашықтықтан зондтау жер бетінің сипаттамалары, өсімдік жамылғысының жай-күйі және қоршаған ортадағы өзгерістер туралы жедел, объективті және кең ауқымды ақпарат алудың тиімді құралы болып табылады. ГАЖ технологиялары әртүрлі көздерден алынған кеңістіктік деректерді біріктіруге, сақтауға, өңдеуге, талдауға және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді, бұл жайылым экожүйелерін кешенді бақылауды қамтамасыз етеді. Әдістемелік негіз спутниктік суреттерді алдын ала өңдеуді, мозаикалауды, спектрлік индекстерді есептеуді, растрлық деректерді жіктеуді және ArcGIS бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде пиксельдік кеңістіктік талдауды қамтиды. Бұл әдістер өсімдік жамылғысының жай-күйі, жайылымдардың тозуы, биомасса таралуы және табиғи-климаттық факторлардың жер өнімділігіне әсері жөнінде сандық мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Landsat 8 спутниктік суреттері мен ГАЖ технологияларын бірлесіп қолдану жайылымдардың жағдайын бағалау, деградация үрдістерін анықтау және жайылым ресурстарын тұрақты басқару бойынша негізделген шешімдер қабылдау үшін сенімді кеңістіктік және статистикалық ақпарат беретінін көрсетті.




