ИНДОНЕЗИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ: ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН
DOI:
https://doi.org/10.56525/98vbgq19Кілт сөздер:
Индонезия, туризм географиясы, аймақтық (елдік) география, архипелагтық мемлекет, географиялық орныАңдатпа
Индонезия Республикасы – мұсылман халқы ең көп мемлекет бола отырып, бір мезгілде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ел, архипелагтық мемлекет және ASEAN ұйымының мүшесі болып табылады. Малай архипелагы мен Жаңа Гвинея аралына дейін созылып жатқан Индонезия Азия мен Австралия арасындағы табиғи географиялық көпір рөлін атқаратын стратегиялық аумақты иеленеді. Ол құрлықта Малайзиямен, Папуа-Жаңа Гвинеямен және Тимор-Лестемен, ал теңізде Сингапурмен, Вьетнаммен, Таиландпен, Филиппинмен, Австралиямен, Палаумен және Үндістанмен шектеседі. Құрамына 17 500-ден астам арал, 36 провинция және екі арнайы әкімшілік аймақ кіретін Индонезия аумағы 1 904 569 км² болатын, әлемдегі ең ірі архипелагтық мемлекет әрі халқы саны бойынша төртінші орын алатын ел болып саналады.
Туризм географиясына бағытталған бұл зерттеу Индонезияның физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиялық ерекшеліктерін талдап, оның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және туризм салаларындағы әлеуетін бағалайды. Зерттеудің негізгі мақсаты – ұлттық бірегейлік бейнесін қалыптастыру және елдің туристік ресурстарын географиялық тұрғыдан таныстыру. Отандық ғылыми әдебиеттерде Индонезия географиясына арналған зерттеулердің аздығын ескере отырып, бұл жұмыс елдің географиялық ерекшеліктері мен туризм профилін кешенді бағалау арқылы ғылым саласына үлес қосуды көздейді.




