МҰРЫН ЖЫРАУ ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ

Авторлар

  • Сұлтанбек Құдайберген Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/zcfvbr32

Кілт сөздер:

Мұрын жырау, архив құжаттары, фотосурет, дыбысжазба, мақам

Аңдатпа

Мақалада Маңғыстау өңірінің атақты жыршысы Мұрын жырау Сеңгірбекұлының (әдебиетте жиі «Сеңгірбаев» түрінде кездесетін) өмірбаянына қатысты әлі толық айқындалмаған деректер кешені ғылыми айналымға тартылып, салыстырмалы талдау жасалады. Автор соңғы жылдары табылған архивтік құжаттар негізінде жыраудың туған-өлген жылдары, әкесінің есімі және ресми қағаздардағы фамилиясының бұрмалану себептері жөніндегі бұрынғы тұжырымдарды қайта қараудың қажеттігін дәлелдейді. Зерттеуде Қ.Сыдиықұлы ұсынған құлпытас жазуы, жыраудың ұрпақтарының естеліктері, сондай-ақ 1918 және 1928 жылдардағы Александр форты тұрғындарының тізімдері сияқты дереккөздер өзара салыстырылып, деректер арасындағы хронологиялық алшақтықтар көрсетіледі. 1928 жылғы тізімдегі жас мөлшеріне сүйенген есеп жыраудың туған жылына қатысты өзге межені ұсынуға мүмкіндік беріп, өмірдеректің нақтылауды талап ететінін айқындайды.

Мақаланың маңызды тұсы – 1924 жылғы арыз құжатына 29-шы болып қойылған «Секрбекв Мурн» қолтаңбасын талдау. Аталған қолтаңба, бір жағынан, әкесінің аты Сеңгірбек екенін, екінші жағынан, Мұрын жыраудың орысша хат танығанын жанама түрде дәлелдейтін айғақ ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, жыраудың аты-жөнінің «Сеңгірбаев» түрінде ертерек құжаттарда да кездесуі фамилиялық қателіктің тек 1942 жылғы төлқұжат рәсімдеумен шектелмейтінін көрсетеді.

Автор мақаласында құнды жаңалықтарды да жүйелейді: жыраудың фотосуретінің табылуы (2023), сондай-ақ «Қырымның қырық батыры» эпосын орындауға қатысты екі мақамның 1961 жылғы фольклорлық экспедиция барысында күйеу баласы Д.Алдоңғаровтан жазылып алынуы және олардың бүгінгі орындаушылық тәжірибеде қайта жаңғыртылуы. Қорытындысында мақала Мұрын жырау тұлғасын деректанулық тұрғыдан қайта пайымдаудың өзектілігін негіздеп, алдағы кешенді зерттеулердің бағыт-бағдарын ұсынады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

29.05.2026