Каспий теңізі туралы алғашқы тарихи-географиялық түпдеректер және теңіз картасының пайда болу тарихы(І Петр ұйымдастырған экспедициялар негізінде) Байшов Б.Б.
DOI:
https://doi.org/10.56525/2ydphq51Кілт сөздер:
Каспий картасы, Каспий теңізі, І Петр, Узбой, А.Бекович-ЧеркасскийАңдатпа
Мақалада Каспий теңізінің тарихи атаулары туралы тарихи-географиялық деректердегі мәліметтерге қысқаша тарихнамалық шолу жасалынып, тарихтың әр кезеңіндегі теңіз атауының өзгеріске ұшырауының себептері талданды. Теңіз атауына байланысты ежелгі, орта ғасырлардағы және жаңа замандағы кейбір тарихи-географиялық деректер мен зерттеулер, картографиялық материалдар мен мәліметтер сараланды. Мәселен, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі пікірталастар мен тарихи ізденістер ежелгі дүниедегі грек логографтары тұсынан бастап үздіксіз жүргізілгенімен теңіз және теңіз айналасы тарихы оны зерттеген ежелгі және орта ғасырлық ғалымдардың еңбектерінде толық қамтылмады. Жағалауында көптеген ұлт өкілдері мекендейтін теңіз ежелгі дүниеде отырықшылық пен көшпенділік мәдениеттің қиылысқан тұсы болса, кейінгі орта ғасырда «Ұлы жібек жолы» атауын алған дүниежүзілік сауда транзиті бойынан орын тепті. Ал жаңа заманда Каспий бойына иелік ету үшін бесекелестік одан әрі күшейіп, теңіз іс жүзінде Ресей империясының, кейіннен Кеңестер Одағының «жеке» үстемдік ететін географиялық нысанына айналды. Алайда ХХ ғасырдың аяғындағы КСРО державасының ыдырауынан кейін географиялық орналасуы жағынан ыңғайлы әрі қойнауы байлыққа толған теңіз маңызды мәселелердің бірі ретінде тағы да тарих сахнасына шықты. Сол себептен де мақала жазу барысында теңізді ғылыми бағыттағы зерттеудің бастамасын салған І Петр экспедицияларының маңызы мен тарихын зерттеуге баса мән берілді.




