ИРАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУЫ

Авторлар

  • Бекенжанова А. А. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/qqe55840

Кілт сөздер:

қазақ диаспорасы, Иран қазақтары, этномәдени даму, көші-қон, Маңғыстау, ұжымдастыру, мәдени бейімделу, ұлттық бірегейлік, қолөнер, тілдік ерекшелік, дәстүр мен салт-дәстүр, репатриация, этникалық сәйкестік, мәдени мұра

Аңдатпа

Бұл мақалада Ирандағы қазақ диаспорасының қалыптасу себептері мен тарихи дамуы, сондай-ақ олардың иноэтникалық және инотілдік орта жағдайында этномәдени бейімделу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеуде ХХ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері нәтижесінде Қазақстан аумағынан, әсіресе Маңғыстау өңірінен Иранға қоныс аударған қазақтардың ұлттық болмысын сақтау үдерістеріне ерекше назар аударылады.

Жұмыста қазақтардың негізгі көші-қоны 1920–1930 жылдардағы күштеп ұжымдастыру, отырықшыландыру саясаты және экономикалық қысым салдарынан болғаны көрсетіледі. Осы тарихи жағдайлар Маңғыстау қазақтарының Түрікменстан арқылы Иранның солтүстік аймақтарына қоныс аударуына алып келді. Жаңа ортада диаспора өкілдері тілдік, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан күрделі бейімделу кезеңін бастан өткерді. Соған қарамастан, олар этникалық ерекшелігін сақтаудың түрлі тетіктерін қалыптастырып, қабылдаушы қоғаммен қатар өмір сүруге бейімделді.

           Мақалада Иран қазақтарының шаруашылық қызметі, оның ішінде мал шаруашылығы, егіншілік және әсіресе кілем тоқу, тұрмыстық бұйымдар жасау сияқты дәстүрлі қолөнер түрлерінің дамуы талданады. Материалдық мәдениет этникалық бірегейлікті сақтаудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, тілдік ортадағы өзгерістер, қазақ тілінің сақталуы және оған парсы, түрікмен тілдерінің ықпалы да зерттеледі.

Әлеуметтік-мәдени бейімделу барысында күнделікті тұрмыс, отбасылық салт-дәстүр, діни ұстанымдар және ұлттық киім ерекшеліктерінің өзгерісі сипатталады. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы өзге этникалық ортада өмір сүрсе де, Иран қазақтары негізгі ұлттық құндылықтарды сақтап, оларды келесі ұрпаққа жеткізе алғаны атап өтіледі.

           Қорытындылай келе, Ирандағы қазақ диаспорасының этномәдени тәжірибесі диаспоралық бірегейлік, мәдени трансформация және этносаралық байланыстарды зерттеу үшін маңызды ғылыми мәнге ие екені көрсетіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026