ҒАЛДАН-БОШОҚТЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ ҚАЙШЫЛЫҚТАР

Авторлар

  • Г.Б. Қамиева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/7by15p78

Кілт сөздер:

Ғалдан-Бошоқты, Жоңғар мемлекеті, Цин империясы, Халха өңірі, ойрат-маьчжур қақтығыстары, геосаяси қайшылықтар, Дзун-Мод шайқасы

Аңдатпа

Мақалада ХVІІ ғасырдың соңғы отыз жылындағы Жоңғар хандығының саяси дамуы Ғалдан-Бошоқтының қызметі негізінде қарастырылды. Зерттеу барысында оның мемлекетті орталықтандыруға бағытталған ішкі саясаты, сыртқы саяси ұстанымдары және Ресей мемлекеті, Цин империясымен жүргізген дипломатиялық байланыстары талданады. Сонымен қатар, Ғалданның билікке келуі, Жоңғар хандығындағы орталық билікті нығайту шаралары, Шығыс Түркістан мен Халха аумағына ұйымдастырған әскери жорықтары, сондай-ақ Цин империясымен болған ірі әскери қақтығыстардың алғышарттары мен тарихи барысы жан-жақты сараланады. Зерттеу нәтижелері Ғалданның геосаяси әрекеттерінің бірнеше бағытта қатар жүргізілгенін көрсетеді. Бір жағынан, ол Ресеймен ясак салығы мәселесіне байланысты тиімді келісім орнатуға ұмтылса, екінші жағынан Цин империясымен саяси бәсекелестік пен әскери қарсылық жолына түсті. 1688 жылғы Халха жорығы Жоңғар хандығы мен Цин империясы арасындағы ауқымды соғыстың басталуына алып келді. 1690 жылғы Улан-Бутун және 1696 жылғы Дзун-Мод шайқастары бірінші ойрат-маньчжур соғысының тағдырын шешкен маңызды әскери оқиғалар ретінде қарастырылады. Ғалданның әскери-саяси жеңілісіне Цеван-Рабданның ішкі қарсылығы, Халха билеушілерінің Цин империясының бодандығын қабылдауы және Жоңғар хандығындағы экономикалық қиындықтардың күшеюі негізгі себептердің  бірі болды. Мақала аталған кезеңдегі Орталық Азияның геосаяси тарихын жаңа ғылыми еңбектер мен зерттеулер негізінде толықтыра түседі. 

 

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026