ҚАБАТТЫ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖАРУДАН КЕЙІНГІ ҰҢҒЫМАЛАР ӨНІМДІЛІГІНІҢ ӨЗГЕРУІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/ksqdsm27Кілт сөздер:
қабат, ұңғыма, өнімділік, қабатты гидравликалық жару, тік жарық, горизонталь жарық, сүзілу, серпімділікАңдатпа
Мақалада біртекті қабаттың ұңғыма маңы аймағында қалыптасқан горизонталь жарықшақтың технологиялық тиімділігін бағалауға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер сүзілетін сұйықтықтың серпімді қасиеттерінің сүзілу процестері мен ұңғыма өнімділігіне әсерін ескере отырып жүргізілді. Біртекті шеңберлі қабат жағдайында, коллектордың сулану сәтіне дейін, ұңғыма маңы аймағында горизонталь жарықшақ қалыптасқан кезде, біртекті сұйықтықтың сызықтық сүзілуі барысында өнімділік коэффициентінің өзгеру сипатын анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл ұсынылды. Ұңғыма маңы аймағында горизонталь жарықшақ болған жағдайда сүзілетін сұйықтықтың серпімділігінің әсерін ескеретін зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған тәуелділіктер кен орнын пайдалану процесінде ұңғыма дебитінің өзгерісін неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді. Горизонталь жарықшақтың болуы сүзілу процестерін қарқындататыны және ұңғыма өнімділігі коэффициентінің артуына ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері мұнай-газ кен орындарын игеру технологияларын жобалау және оңтайландыру кезінде қолданылуы мүмкін. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қабатты гидравликалық жару параметрлерін ұтымды таңдау арқылы ұңғымаларды пайдалану тиімділігін арттыру мүмкіндігімен айқындалады.




