ПОЛИМЕРЛІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН БИТУМ МОДИФИКАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/1zxrf731Кілт сөздер:
пластикалық қалдықтар, мұнай битумы, модификация, полимерлік модификаторларАңдатпа
Жол жабындарын төсеу технологиясын толық сақтау олардың жоғары пайдалану сенімділігін әрдайым қамтамасыз ете бермейді. Автомобиль жолдарының төмен қызмет ету мерзімі көбінесе қолданылатын битум сапасының жеткіліксіздігімен байланысты. Осыған байланысты жақсартылған пайдалану сипаттамаларына ие полимер-битумды байланыстырғыштарды қолдану жол саласының дамуының өзекті бағыты болып табылады. Битумды модификациялау үшін көбіне салыстырмалы түрде қымбат стирол-бутадиен-стирол негізіндегі термоэластопласттар пайдаланылады. Бұл жұмыста полимер-битумды байланыстырғыштардың өзіндік құнын төмендету мақсатында пластикалық қалдықтар мен дайын полимерлік модификаторларды бірлесіп қолданудың битумның реологиялық қасиеттері мен химиялық өзара әрекеттесуіне әсері эксперименттік түрде зерттелді. Зерттеуде пластикалық қалдық ретінде мөлшері 1–2% аралығында болатын төмен тығыздықтағы екінші реттік полиэтилен (LDPE) және дайын полимерлік модификатор (СБС) қолданылды. Алынған битумды байланыстырғыштардың физика-механикалық қасиеттері СТ РК стандарттарына сәйкес анықталды.Зерттеу нәтижелері пластикалық қалдықтардың мөлшері артқан сайын полимерлік модификаторлардың қатысуымен битумның пластикалылық аралығы кеңейетінін көрсетті. Бұл қолданылған полимерлердің модификацияланған битумның физика-механикалық қасиеттерін жақсартуға оң әсер ететінін дәлелдейді. Пластикалық қалдықтардың полимер-битумды байланыстырғыш сапасына әсері туралы жаңа эксперименттік деректер алынды және олардың дайын полимерлік модификаторлармен үйлесімділігі анықталды.




