БІР САТЫЛЫ ПОРШЕНЬДІ КОМПРЕССОРДЫҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ ДИАГРАММАСЫН ИІНДІ БІЛІКТІҢ ӘРТҮРЛІ АЙНАЛУ ЖИІЛІКТЕРІ КЕЗІНДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/69yssn26Кілт сөздер:
поршеньді компрессор, индикаторлық диаграмма, жұмыс режимі, айналу жиілігі, жұмыс қысымы, пайдалы әсер коэффициенті, диагностикаАңдатпа
Бұл мақалада бір сатылы поршеньді компрессордың жұмыс процесі иінді біліктің әртүрлі айналу жиіліктері кезінде эксперименттік түрде зерттелген. Зерттеудің негізгі мақсаты – айналу жиілігінің цилиндр ішіндегі термодинамикалық процестерге және компрессордың энергетикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау. Эксперимент барысында компрессордың жұмыс режимдері 600, 800 және 1000 айн/мин айналу жиіліктерінде қарастырылып, қысым–көлем (p–V) индикаторлық диаграммалары алынған. Осы диаграммалар негізінде сору, сығылу және шығару процестерінің ерекшеліктері талданып, индикаторлық жұмыс шамалары анықталған. Зерттеу нәтижелері айналу жиілігі артқан сайын цилиндрдің толу коэффициенті төмендейтінін көрсетті. Бұл құбылыс сору процесіне бөлінетін уақыттың қысқаруымен және динамикалық шығындардың артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жоғары айналу жиіліктерінде клапандардың инерциялық әсері күшейіп, механикалық және жылулық шығындардың өсуіне алып келетіні байқалды. Нәтижесінде индикаторлық диаграмма ауданының азаюы компрессордың энергетикалық тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Зерттеу барысында алынған эксперименттік деректер компрессордың жұмыс режимін диагностикалау және тиімді жылдамдық параметрлерін анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Жалпы алғанда, айналу жиілігі поршеньді компрессордың жұмыс тиімділігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор екені дәлелденді. Алынған нәтижелер өндірістік компрессорлық қондырғылардың энергия шығындарын азайтуға және олардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.




