ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ (IOT)
DOI:
https://doi.org/10.56525/4temdt15Кілт сөздер:
заттар интернеті (IoT), жасанды интеллект (AI), технология, ақылды қалалар, ақылды ауылАңдатпа
Заттардың интернеті (IoT) және жасанды интеллект (ЖИ) қазіргі қоғамның түрлі салаларына айтарлықтай әсер етуде. Бұл мақалада аталған технологиялардың өзара байланысы зерттеліп, IoT пен ЖИ интеграциясы ақылды жүйелердің жедел дамуына, олардың тиімділігін арттыруға және күрделі міндеттерді шешуге қалай ықпал ететіні талданады. Сонымен қатар, IoT және ЖИ интеграциясының негізгі даму үрдістері, қиындықтары мен болашағы, сондай-ақ оның әртүрлі салаларға әсері қарастырылады.
Қосымша ретінде IoT пен ЖИ біріктірудің архитектуралық тәсілдері, соның ішінде нақты уақыт режимінде деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін бұлттық және шеткі (edge) есептеулер қарастырылады. Жүйелерді кеңейту барысында аса маңызды болатын қауіпсіздік, деректердің құпиялылығы мен сенімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Ақылды қалаларда, өнеркәсіпте, денсаулық сақтау мен білім беру салаларында қолдану мысалдары келтірілген. IoT пен ЖИ синергиясы автоматтандыру, болжау және процестерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, экономика мен қоғамды цифрлық трансформациялаудың негізін қалыптастыратыны көрсетілген.




