УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТ: YESSENOV UNIVERSITY ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Арашова Н. К. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор
  • Абдуазимова З.А. Құқық қорғау органдары академиясы, Ташкент, Өзбекстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/vzvwyg98

Кілт сөздер:

Маңғыстау, университет, музей, киелі орындар, тарихи жады, ұжымдық жады, естелік орындары

Аңдатпа

         «Университет мәдени институт па? Ғылым орталығы ма? Жастарды қалай тәрбиелейді? Білім кеңістігінде ол не үшін керек? Музей, ішкі безендіру және сыртқы инфрақұрылым қаншалықты білім беру үрдісінде қолданылады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін Ш.Есенов атындағы Каспий Технологиялар және Инжиниринг университетінің мәдени-білім беру кеңістігіндегі қызметіне мәдениеттанулық тұрғыдан талдау жасалды. Yessenov University – білім беру мекемесі, ғылыми орталық, мәдени-ағартушылық кеңістік, тарихи-мәдени мұраны сақтаушы өнегелілік ордасы. Мақалада университеттің білім беруден бөлек әлеуметтік, мәдени және тарихи орны мен рөлі зерделенеді.

            Университет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Қазақстанның киелі жерлері» жобаларының, білім мен тәжірибе интеграциясының мақсаты мен міндеттерін іске асырудың бір бағыты болып табылады. Ұлттық кодымызды сақтау, мәдени ерекшелігімізді дәріптеу жолында жұмыс атқаратын ЖОО білімалушылардың өнегелік, философиялық, этикалық және эстетикалық өрісінің кеңеуінде үлкен рөл атқарады. Ең бастысы білім мен ғылым, ғылым мен тәжірибе интеграциясын жүзеге асырушы зерттеу институты.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026