ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУ: КӘСІБИ ТИІМДІЛІК ПЕН ӘЛ-АУҚАТТЫ АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/7281zs39Кілт сөздер:
эмоционалды интеллект, кәсіби тиімділік, стресс, психологиялық саулық, оқытушы, жоғары мектепАңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби тиімділігін арттыруда эмоционалды интеллекттің (ЭИ) рөлі қарастырылады. Эмоционалды интеллект – адамның өз эмоцияларын және өзгелердің эмоцияларын түсіну, тану және тиімді басқару қабілеті. Қазіргі білім беру жүйесінде оқытушының эмоциялық құзыреттілігі оның кәсіби жетістігінің негізгі көрсеткіштерінің біріне айналуда. ЭИ деңгейі жоғары педагогтар студенттермен сенімді қарым-қатынас орната алады, күрделі педагогикалық жағдайларда сабыр сақтап, шешім қабылдау барысында эмоцияларын реттей алады.
Мақалада эмоционалды интеллекттің дамуы оқытушының психологиялық саулығын сақтауға, күйзеліске төтеп беруге және кәсіби тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқындалды. Сонымен қатар, ЭИ мұғалімнің кәсіби күйіп кетуінің алдын алуға және мотивацияны сақтауына мүмкіндік береді. Зерттеу барысында теориялық талдаумен қатар, практикалық тәсілдер – эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренингтік бағдарламалар мен жоғары оқу орындарындағы тәжірибелер талданды.
Мысалы, “Mindful Teacher” атты қысқамерзімді бағдарлама оқытушылардың өзін-өзі бақылау, эмпатия және эмоционалды реттеу қабілеттерін күшейтуге бағытталған. Бағдарлама нәтижесінде қатысушылардың эмоционалды тұрақтылығы мен кәсіби қанағаттануы артқаны байқалды. Алынған нәтижелер педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінде эмоциялық құзыреттілікті күшейтудің өзектілігін дәлелдейді және бұл бағыттағы тәжірибелік жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.




