МҰНАЙ БИТУМЫН РЕЗЕҢКЕ-ПОЛИМЕРЛІ КОМПОЗИТТЕРМЕН МОДИФИКАЦИЯЛАУ

Авторлар

  • Аккенжеева Анар Есенов университеті, Ақтау қаласы, Қазақстан Автор
  • Бусурманова Аккенже Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Жетесова Гүлім Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/n855fq68

Кілт сөздер:

битум, резеңке-полимерлі композит, девулканизацияланған резеңке, ELTC модификаторы, реологиялық қасиеттер, жол құрылысы

Аңдатпа

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы мұнай жол битумын резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген жаңа буынды жол байланыстырғыштарын әзірлеу үшін отандық МЖБ 70/100 және МЖБ 100/130 маркалы битумдардың реологиялық және физика-механикалық қасиеттерін жақсарту. 

Жұмыста пайдаланылған автокөлік шиналары негізгізделген және полиэтилен, полипропилен сияқты полимер қалдықтарына негізделген резеңке-полимерлі композиттердің тиімділігі қарастырылды. Әдеби шолуда битумның құрамы мен қасиеттері, оны полимерлермен, резеңке үгіндісі және композиттік модификаторлармен жетілдіру жөніндегі отандық және шетелдік зерттеулер талданды. 

Эксперименттік бөлімде бастапқы және модификацияланған битумдардың жұмсару температурасы, пенетрациясы, созылғыштығы, Фраас сынғыштық температурасы, тұтқырлығы және серпімді қалпына келу көрсеткіштері анықталды. Нәтижелер бойынша девулканизацияланған резеңке үгіндісі мен ELTC типті композиттік модификаторлардың битумның эксплуатациялық қасиеттерін айтарлықтай жақсартатыны дәлелденді. 

Зерттеу қорытындысында Қазақстанның күрт континенттік климатында жол жабындарының беріктігін арттыруға мүмкіндік беретін оңтайлы құрамдар ұсынылды. Сонымен қатар, пайдаланылған шиналар мен полимер қалдықтарын қайта өңдеудің экологиялық және экономикалық тиімділігі көрсетілді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар