ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА МАТЕМАТИКАДАНМНЕМОТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • М.А.Бақберген Қорқыт ата атындағы қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан Автор
  • С.Қ.Меңліхожаева Қорқыт ата атындағы қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/yzq2ax76

Кілт сөздер:

мнемотехника, математика пәнін оқыту, Ұлттық бірыңғай тестілеу, ассоциациялық әдіс, визуалды есте сақтау, рифмалық мнемоника, педагогикалық әдістер

Аңдатпа

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық үдерісінде математика бойынша оқушылардың логикалық ойлауы, математикалық ақпараттарды, формулаларды және анықтамаларды есте сақтау қиындықтары жиі байқалады. Сонымен қатар, оқушылардың басым бөлігі өзінің бейінді пәні ретінде математиканы таңдайды. Соңғы статистика бойынша 37% оқушы, яғни 201 мың оқушы тест тапсырып, оның 73,6 мың оқушысы математика пәнін бейінді пән ретінде таңдаған. 20 мыңға жуық оқушы 50-64 балл арасында алған. Бұл дегеніміз, оқушылар ақпарат көлемінің көптігі мен формулаларды есте сақтаудың қиындығынан оқу материалын толық меңгере алмайды дегеннің бір көрінісі. Осы мәселені шешудің тиімді тетігі ретінде математика пәні бойынша мнемотехникалық әдістерді қолдану ұсынылады. Мнемотехника – ақпаратты жүйелеу және ассоциациялар, бейнелер, рифмалар арқылы есте сақтауды жеңілдететін тәсілдер жиынтығы. Бұл әдістер оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, ақпаратты ұзақ мерзімге есте сақтауына, логикалық байланыстар орнатуына және тест тапсырмаларын орындау сапасын жақсартуына ықпал етеді. ҰБТ спецификациясындағы күрделі математикалық тақырыптарды меңгеру барысында мнемоникалық амалдарды пайдалану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, қысқа мерзімде білім нәтижесін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Математика пәнінің мазмұнының абстрактілігі мен формулалардың көптігі жағдайында мнемотехникалық амалдар оқу материалын тиімді меңгеруге, ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға және тест тапсырмаларын орындау сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл мақаланың ішінде мнеотехникалық амалдардың түрлері мен қолданыстарын, сонымен қатар артықшылығы мен кемшілігі жазылған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

12.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар