МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЕРЖАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫНЫҢ ДІНИ-РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

  • Римма Ережепова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Өтесова Г.Е. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/j7s1e021

Кілт сөздер:

ислам діні, мешіт-медресе, хазірет, нақышбандия тариқаты, мұсылмандық бағыт, діни білім, рухани-ағартушылық

Аңдатпа

Мұрағат деректері көрсеткендей, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында Батыс Қазақстан аймағында ислам дінінің күшеюімен мешіттер саны көбейген. Маңғыстау түбегі жергілікті халықты сауаттандыруға бағытталған мешіт-медреселерімен танылған аймақ болды. Маңғыстау түбегіндегі ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы халықтық білім берудегі білім орындарының бірі болып саналған мешіт-медреселерде Уфа, Орта Азия жерлерінен білім алған діни сауатты тұлғалар тек қана діни білім беріп қана қоймай, гуманитарлық, жаратылыстану, араб-парсы ғылымдарымен де халықты сауаттандырған. Мақаланың маңызды зерттеу кіріспесінде жоғарыда аталған ғылым салаларын меңгерген ишан, молда, хазірет, ахун сияқты діни сауатты тұлғалардың иереархиясына талдау жасалынып, анықтамалар беріледі.

Маңғыстау түбегіндегі мешіт-медреселер мен олардағы діни сауатты оқытушылардың қызметі Қазан төңкерісіне дейін және Кеңес өкіметі жылдарына сәйкес келеді. Солардың бірі- Ержан Төлегенұлы болды.

Ержан Төлегенұлы Бұхара медресесін 1926 жылы тәмамдаған діни сауатты тұлға болған. Кеңес өкіметі орнаған жылдары ол бірнеше рет діни жолды ұстанғаны үшін кеңестік саясаттың қудалауына ұшырады.

Мақалада Ержан Төлегенұлының діни-рухани, ағартушылық қызметінің қалыптасуының кезеңдері мен оның ұстанатын діни тариқатының тарихы мен мәніне баса назар аударылады. Сондай-ақ, хазіреттің өз қолымен жазып қалдырған қолжазбаларына да талдау жасалынады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

29.05.2026