КАЛАМҚАС КЕН ОРНЫН ИГЕРУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҰҢҒЫМАЛАРДЫҢ ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/zmpvaw59Кілт сөздер:
Ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеулері, қысымның төмендеу қисығы, полимерлі су басу, пласт өткізгіштігі, скин-фактор, ұңғымалардың қабылдау қабілеті, радиалды-композиттік модель, Каламқас кен орныАңдатпа
Мақалада Каламқас кен орнының Ю-1 Орталық және Ю-3 ПЗ+СПС учаскелеріндегі нагнетательный ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеулері 2022–2024 жылдары полимерлі су басу технологиялары мен ПЗ+СПС енгізілгенге дейін және кейін жүргізілген нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер қысымның төмендеу қисықтары әдісімен жүргізіліп, «Сапфир» бағдарламалық қамтамасыздандыруында радиалды, радиалды-композиттік және жарықтық модельдерді қолдану арқылы интерпретацияланған. Негізгі ағыс режимі радиалды болып анықталса, полимерлі технологиялар енгізілгеннен кейін кейбір ұңғымаларда сызықты және билинйинді режимдер тіркелген, бұл жарықтық дамуына байланысты. Эффективті өткізгіштік, гидропроводтылық және қабылдағыш коэффициенттің өскені, сондай-ақ ұңғыманың қабылдау аймағының жағдайының жақсарғаны полимерлі технологияларды Каламқас кен орнында қолданудың тиімділігін растайды.




