ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАРДА ЗИЯТКЕРЛІК КАПИТАЛДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/qsmekz76Кілт сөздер:
ұйым экономикасы, құрылымдық капитал, тұтынушы капиталы, бәсекеге қабілеттілік, білім экономикасы, зияткерлік капиталды дамытуАңдатпа
Бұл зерттеу барысында экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде өндіріс факторларына негізделген индустриялық экономикадан білімге негізделген экономикаға көшумен айқындаладындығын есепке ала отырып, елдегі ұйымдарда зияткерлік капиталды ұйымдастырудың және оны дамытудың қажеттілігі қарастырылады. Осындай жағдайда зияткерлік капитал маңыздылығы жағынан табиғи ресурстардан, технологиядан және тіпті қаржылық капиталдан асып түсетін кез келген ұйымдар үшін негізгі актив және байлықтың негізгі көзі болып танылады. Зияткерлік капиталды тиімді пайдалану бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып және бірегей артықшылықтар арқылы қосымша пайда алуға мүмкіндік береді. Ал оны басқара білу жоғары бәсекелестік жағдайында ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мақсатты үдеріске айналуда. Бұл мақала зияткерлік капиталдың мәнін, оның құрылымын және оны қазіргі заманғы ұйымдарда қалыптастыру мен дамытудың императивті қажеттілігін қарастырады. Зияткерлік капиталдың негізгі құрамдас бөліктерінің - адам капиталы, құрылымдық капитал және тұтынушы капиталының ұйымның жұмысына әсер ететін негізгі тетіктерін қарастырады. Осы құрамдастардың әрқайсысын бағалау тәсілдері және олардың экономикалық көрсеткіштеріне әсері сипатталған. Зияткерлік капиталдың құрамдас бөліктерін талдау негізінде олардың негізгі сипаттамалары мен қасиеттері айқындалып, ұйымдық көрсеткіштерге әсер ету негіздері және қалыптастыруың, дамытудың қажеттілігі анықталады.
Зияткерлік капиталдың және оның құрамдас бөліктерінің Қазақстандағы ұйымдардың қызметінің тиімділігіне әсерін бағалаған халықаралық сандық және сапалық зерттеулердің нәтижелері талданады және зияткерлік капиталдың құрамдас бөліктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін енгізу және оның барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы ретінде зияткерлік капитал тудыратын бәсекелестіктің артықшылықтарын пайдалану арқылы болашақ зерттеулердегі зияткерлік капиталды жақсарту тәсілдері ұсынылады.




