МАҢҒЫСТАУ САКРАЛДЫ КЕҢІСТІГІНДЕГІ  ПЕТРОГЛИФТЕР МЕН РУЛЫҚ ТАҢБАЛАР

Авторлар

  • Бибайша НҰРДӘУЛЕТОВА Есенов университеті Ақтау қ.,Қазақстан Автор
  • Ж.О.АРТЫҚБАЕВ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан. Автор
  • МЕТИН ЕКИЧИ Университет Эге, Измир, Турция Автор

Кілт сөздер:

Таңба, символдық бейнелер, петроглифтер, Маңғыстау, пиктография, қабіртастар

Аңдатпа

Сонау жоғарғы палеолит дәуірінде пайда болып, қазіргі заманға келіп кеткен жартастағы суреттер мен жазу-сызулар – бір жағынан, оларды салған адам баласының рухани жан-дүниесін көрсететін «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы  үшін теңдессіз дерек көздерінің бірі болып табылады. Себебі таңбалы тастар біздің ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет- ғұрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортамен қарым қатынасы мен рулық-тектілік идентификациясына және тағы да басқа іс-әрекеттеріне байланысты мағлұматтар береді. Қазақтың даласы осындай мағлұматтарға толы таңбалы тастардың жиынтық орындарының көптігі бойынша Еуразия континентінде алдыңғы орындардың бірін алады.
Маңғыстау петроглифтерінде ең көп кездесетін бейнелердің бірі – таңба және ұқсас бейнелер. Мақалада Маңғыстау мен Үстіртте кездесетін таңбалар жиынтығы, петроглифтер мен символдық бейнелер, олардың танымдық мәні, таңбалық қызметі талданады.  

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

12.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар