ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛ ТАҒДЫРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Авторлар

  • Әділет Қабылов Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Жеткізгенова Ә.Т. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Толетова Ж.К. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/0vzmyp47

Кілт сөздер:

Ә.Кекілбаев, әдебиет, проза, әңгіме, жанр, тақырып, идея, көркемдік, сюжет, композиция

Аңдатпа

Мақалада көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев әңгімелеріндегі әйел тағдырының бейнелену ерекшеліктері пайымдалады. Жазушының «Ажар» триптихына кіретін «Көз жасы», «Кек» және «Галстук сатушы қыз туралы хикая» әңгімелері мен «Жүндібарақ» әңгімесінде суреттелетін қазақ әйелінің бастан кешкен тағдыры, сол жағдайға мәжбүр еткен тағдыр талқысы әдебиеттанушылық тұрғыдан зерделенеді. Әйелдің қиын тағдыры қашан да көркем әдебиеттің бейнелеу нысаны болып келеді. Ауыз әдебиетінен желі тартатын әйел тағдыр-талайы қазіргі әдебиеттің де негізгі тақырыптарының бірі болып отыр. Ә.Кекілбаев шығармаларында да бұл тақырып әр қырымен өзінің өзектілігін танытып отырады. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі бейбіт кезеңдегі қазақ қоғамындағы оқиғалар арнасында қазақ әйелінің түрлі тағдыр тауқыметі «Ажар» триптихы мен «Жүнді барақ» әңгімелерінде өзіндік шеберлікпен бейнеленген. Автор оқиға баяндалып отырған кезеңнің шындығы аясында басты кейіпкерлердің өмір жолындағы кедергілерді, тағдырдың ауыр соққысы мен соған әкелген себептерді логикалық дәлелмен, психологиялық талдаумен ашып көрсетеді. Аталмыш шығармалардың идеялық-көркемдік сипаттары автордың даралық стиль ерекшеліктері арнасында талданады. Шығармалардағы тіл көркемдігі, психологиялық талдау арналары назарда ұсталып, автордың көркемдік ұстанымына баға беріледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04.12.2025