ХИМИЯДАН ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/km8rza83Кілт сөздер:
танымдық тапсырмалар, химия, оқыту, білім, белсенділік, логикалық ойлау, тәжірибе, зерттеушілік, мотивация, әдістеме, сауаттылықАңдатпа
Бұл мақалада білім беру жүйесінде химия пәнін оқыту барысында танымдық тапсырмаларды қолданудың маңызы мен олардың білімалушылардың химиялық білімін қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Танымдық тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, ғылыми түсініктерді терең меңгеруге, теорияны тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді. Зерттеуде танымдық деңгейі әртүрлі тапсырмалардың (байқауға негізделген, салыстыруға арналған, логикалық, тәжірибелік және зерттеушілік тапсырмалар) оқу үдерісіне әсері жан-жақты талданады. Сонымен қатар, химия сабақтарында танымдық тапсырмаларды жүйелі әрі мақсатты қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін күшейтетіні, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыратыны және химиялық сауаттылығын дамытатыны көрсетіледі. Мақалада ұсынылған әдістемелік тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар химия мұғалімдеріне сабақ құрылымын жетілдіруге, оқу мазмұнын жаңартуға, оқыту сапасын арттыруға және білім беру нәтижелерін жақсартуға бағытталған тиімді құрал ретінде ұсынылады. Бұл зерттеу нәтижелері қазіргі заман талаптарына сай оқыту моделін жүзеге асыруға, оқушы тұлғасының дамуына жағдай жасауға және мектептегі химия білімінің сапасын тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік береді, педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолдануға негіз болады деп есептеледі, болашақта ғылыми ізденістерге жол ашады.




