ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/0wracy65Кілт сөздер:
интерактивті әдістер, химия, оқыту, тәжірибе, топтық жұмыс, мотивация, зерттеушілік, белсенділік, инновация, әдістеме, құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада химия пәнін оқыту барысында интерактивті әдістерді қолданудың маңызы, тиімділігі және оқу үдерісіне әсері қарастырылады. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін күшейтеді, сондай-ақ пән бойынша теориялық білімді терең меңгеруге мүмкіндік береді. Мақалада «миға шабуыл», «жұптық және топтық жұмыс», «дөңгелек үстел», «кластер», «INSERT», «оқытудағы ойын элементтері» сияқты интерактивті тәсілдердің химия сабақтарында қолданылу ерекшеліктері талданады.
Сонымен қатар, интерактивті әдістер арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми ойлау мәдениетін жетілдіру жолдары көрсетіледі. Ұсынылған материал химия мұғалімдеріне сабақ барысында заманауи педагогикалық технологияларды тиімді енгізуге бағытталған.




