ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУПӘНДЕРІМЕН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/e8xd7h36Кілт сөздер:
физика, жаратылыстану пәндері, кіріктірілген оқыту, зерттеушілік құзыреттілік, пәнаралық интеграция, танымдық белсенділік, ғылыми дүниетанымАңдатпа
Бұл мақалада физика пәнін жаратылыстану бағытына кіретін пәндермен интеграциялай оқыту үдерісінде оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық және әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Кіріктірілген оқыту үдерісі құзыреттілікке бағытталған заманауи білім беру парадигмасы тұрғысынан талданып, пәнаралық интеграцияның теориялық және практикалық аспектілері кешенді түрде зерделенеді. Зерттеу барысында физика мен химия, биология, география және информатика пәндерінің мазмұндық өзара байланысы айқындалып, табиғи құбылыстарды біртұтас ғылыми жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік беретін интеграциялық модель ұсынылады. Мақалада кіріктірілген сабақтардың құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері, оқыту мақсаттарының жүйелілігі, сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тетіктері қарастырылады. Кіріктірілген сабақтар барысында жобалық, зертханалық және проблемалық оқыту әдістерін үйлестіріп қолданудың тиімділігі негізделеді. Мұндай тәсіл оқушылардың зерттеу дағдыларын – мәселені анықтау, гипотеза ұсыну, эксперимент ұйымдастыру, алынған нәтижелерді талдау және қорытынды жасау қабілеттерін – дамытуға ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар, интеграциялық оқыту оқушылардың ғылыми дүниетанымын, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылар алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану мүмкіндігіне ие болады. Жалпы қорытынды бойынша, физика мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту білім мазмұнының жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық модель ретінде сипатталады.




