ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ТОПОНИМДЕРІ

Авторлар

  • Нұрдәулетова Б. И. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Алиаскаров Д. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

Түркі топонимдері, Жетісу облысы, трансшекаралық аймақ, қытай деректері, топонимикалық қабаттар, Қашқари картасы, ежелгі ғұндар мен сақтар, «26 тарихы», түркі өркениеті

Аңдатпа

Қазіргі уақытта Қазақстан териториясындағы жер-су атауларының халықаралық келісімшарттарда, ресми құжаттарда, шетелдік бұқаралық ақпараттық құралдарда, ғаламторда  қолданылу өрісі кеңейіп келеді. Еліміздегі күллі түркі халықтарына ортақ топонимдердің орфографиялық, орфоэпиялық жақтан дұрыс қалыптасуы тарихи атаулардың ғылыми интерпретациялануымен, басқа жазу жүйесінен сауатты транслитерациялануымен де тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Қытай және Шығыс елдерінің кітапхана, архив қорынан қарастырылатын материалдардың түркі халықтары интеграциясының тарихи географиялық, тілдік негізі – жер-су атауларын зерттеу аса өзекті. Орталық Азия топонимдерінің қазіргі құрамын және олардың өзге тілдер мен ескі жазу нұсқаларында кездесетін түрлерін анықтау үшін, тарихи мәліметтерге сүйеніп, қазақ тайпаларының ертедегі дәуірінен бастап қазіргі ұлт болып қалыптасуына дейінгі топонимдерімен байланыстыра зерттеудің айрықша маңызы бар. Орталық Азия өңірінде әр-дәуірлерде қандай ру тайпалар өмір сүрген, олар қандай тілде сөйлеген, қандай дін ұстанған, көршілерімен қандай қарым-қатынаста болған т.б. мәселелер бәрі жан-жақтылы қаратырылуы қажет. Тілдік және тарихи деректер, археологиялық қазбалар ежелгі ғұндар мен сақтардың қазіргі түрік тілдес халықтармен, оның ішінде қазақтармен мәдени ғана емес терең туыстық қатынас ұқсастықтар бар екенін дәлелдеді. Топонимдерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда сақтар мен ғұндардың, көне түркі ру-тайпаларының өмір сүрген барлық аумақ қамтылуы тиіс. Орталық Азия мен Моңғолия, Ресейдің оңтүстігі мен Сібір жері, Қытайдың Шыңжаң өңірі, барлығы қамтылады. Аталған өңірлерде сақталған түркілік топонимдер соның дәлелі.  Мақалада Қазақстан мен Қытай трансшекарасындағы көне түркі топонимдері, олардың тарихи-этимологиялық сипаты, географиялық орналасуы, бұрынғы және қазіргі транскрипциялануы талданады. Мақаланың зерттеу деректері ретінде 2024 жылғы Қазақстан және Қытай трансшекарасына жүргізілген далалық ғылыми экспедицияның материалдары пайдаланылды.  

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар